"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада № 4790 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.12.2014 N 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысы
      әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Әміреев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы "10" қарашадағы
№ 756 қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.12.2014 N 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, сондай-ақ, облыстық коммуналдық мүлікті басқару бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      Басқарманың ведомстволары жоқ.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның тұрған жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Басқарманың миссиясы: бюджеттің атқарылуы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
      15. Негізгі мiндеттерi:
      1) бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
      3) заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттік атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      2) облыстық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсімдердің бюджетке толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
      4) бюджет ақшасын басқарады;
      5) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан бекітілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
      6) облыстық бюджет комиссиясының облыстық мәслихаттың бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұрады;
      7) облыстың жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен облыстық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;
      8) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      9) бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ, ай сайын облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат жолдайды;
      10) заңнамада белгіленген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасайды және бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органға оны ұсынады;
      11) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша облыс әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынады;
      ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді ұсынады;
      12) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті облыс әкімдігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстың жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
      13) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін тіркеу мен есепке алуды тиісті концессия шарттары негізінде жүзеге асырады;
      14) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады;
      15) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік мiндеттемелерді қабылдауды, оның ішінде облыстық мәслихаттың шешімі негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің сәйкесінше әрбiр жеке жобасы бойынша мемлекеттік консессиялық міндеттемелерді, оның ішінде консессиялық жобаны қабылдауды жүзеге асырады;
      16) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
      17) Басқарма концедент болған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады;
      18) бюджеттік кредиттеу кезінде заңнамада бекітілген тәртіппен сенім жүктелген адамды (агентті) анықтайды, сондай-ақ бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
      19) облыстың жергілікті атқарушы органында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген бюджеттік кредит бойынша берешек болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне Кодекстің 100-бабының 1 және 2-тармақтарының 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау туралы жазбаша нұсқау жолдайды;
      20) облыстық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады.
      21) борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы облыстың жергілікті атқарушы органы борышының мониторингін жүзеге асырады;
      22) Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде қарыз алуды ұйымдастырады;
      23) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және оларды облыс әкімдігінің қарауына ұсынады;
      24) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмысын үйлестіруді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шеңберінде коммуналдық мүлікке құқықтарын іске асыруды ұйымдастырады;
      25) облыстық коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      26) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
      27) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      28) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзіне тиесілі акцияларын, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы мәселелер бойынша келіседі, ұсыныстар енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады;
      29) мемлекеттік органдарға жатпайтын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      30) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен бірлесіп, облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
      31) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарайды және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында көзделген жағдайларда келіседі;
      32) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      33) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      34) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
      35) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, Кодекске сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге береді;
      36) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді;
      37) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
      облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
      аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
      аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлікті аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру жөнінде шешім қабылдайды;
      38) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
      39) облыстық коммуналдық мүлікті кепілге беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      40) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім жобасын ұсынады;
      41) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      42) облыстық коммуналдық мүліктің есебін қалыптастырады және жүргізеді, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      43) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      44) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
      45) коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындайды;
      46) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру, мүліктік жалдауға (жалға алуға), облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері жөніндегі комиссияларды құрады;
      47) жалға берушінің (жалға алушының), мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асырады;
      48) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      49) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
      50) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;
      51) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
      52) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады, азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
      53) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада бекiтiлген тәртiппен қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
      2) Басқарма:
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бiрiншi басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
      3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      8) шарттар жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      14) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық әкімдігінің 28.05.2015 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
      23. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00 - де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық әкімдігінің 28.05.2015 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкi

      25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады