"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4790 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2014 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.";
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі".
2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |