"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4790 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2014 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"56-1) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;";
21-тармағының 5), 10), 14) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;";
"10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;";
"14) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;";
23-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;".
"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |