Қалалық мемлекеттік кәсіпорындары мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 2317 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 4767 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4861 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 29.01.2016 № 4861 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізім бойынша қалалық мемлекеттік кәсіпорындар мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Ахатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының қаржы
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы
      __________________________
      "08" қыркүйек 2014 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "08" қыркүйек
№2317 қаулысына қосымша

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімі

№ р/с
Заңды тұлғалардың атауы
Жекешелендіру мерзімі
Жекешелендіру түрі
1.
"Сырдария" балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қараша,
2016 жыл
коммерциялық тендер
2.
"Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық мәдени және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
қараша,
2016 жыл
коммерциялық тендер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады