Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4861 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 ақпанда № 5371 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 16760 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 26.11.2020 № 16760 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.

      2. "Қалалық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 2317 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4767 тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетiнде 2014 жылғы 08 қазандағы № 61, "Кызылорда таймс" газетінде 2014 жылғы 08 қазандағы № 42, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 09 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Аңсатбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының қаржы
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы
__________________________
29 қаңтар 2016 жыл

  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 4861 қаулысына қосымша

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін "Сырдария" балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 11.04.2017 № 7597 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Занды тұлғаның атауы

Жекешелендіру мерзімі

Жекешелендіру түрі

1

"Сырдария балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қараша, 2017 жыл

Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады