Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 159 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырдағы N 4666 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 04.05.2019 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1 бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифі айына тұрғын үйлерден бір адамға 160 теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Арал аудандық мәслихатының


кезекті жиырма алтыншы


сессиясының төрағасы

С. Ниязов

Арал аудандық


мәслихатының хатшысы

К. Данабай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады