Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 6790 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 159 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4666 болып тіркелген, "Толқын" газетінде 2014 жылы 21 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс қырық үшінші
сессиясының төрағасы,
Арал аудандық мәслихатының
хатшысы
Д. Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы "4" мамырдағы №251 шешіміне 1- қосымша

Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр

1

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,65

2

Қонақ үйлер

1 орын

0,70

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,36

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақбанктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,89

5

Емханалар

1 келіп кету

0,0002

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,29

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,13

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,29

9

Театр, кинотеатр, концерт залдары

1 отыратын орын

0,18

10

Музейлер

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,03

11

Стадион, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,03

12

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,07

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,47

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,30

15

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,09

16

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,05

17

Вокзал, автовокзал

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,23

18

Дәріханалар

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,25

19

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

1,67

20

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,34

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,17

22

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,13

23

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,43

24

Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы да басқалар)

1 жұмыс орны

2,33

25

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,11

  Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы "4" мамырдағы №251 шешіміне 2-қосымша

Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Бағасы ( ҚҚС қоса есептегенде)
(теңге)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі

1.1.

үй иелігіне

айына 1 тұрғынға

100

1 контейнерге (0,6 м3)

1 108

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі

2.1.

тұрғындарға

1 текше метр

1 846

2.2.

шаруашылық субъектілеріне

1 текше метр

2 018

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі

3.1.

тұрғындарға

1 текше метр

318

1 тонна

1 589

3.2.

шаруашылық субъектілеріне

1 текше метр

490

1 тонна

2 449

      Ескерту: ҚҚС-қосымша құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады