Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 436-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 қарашада № 4789 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 4-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
      2. "Арал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Оразбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының қаржы
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы ___________
      "10" қараша 2014 жыл

  Арал ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "08" қазандағы
№ 436-қ қаулысына қосымша

Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық мүлік

Заңды тұлғаның атауы
Іске асыру мерзімі
Жекешелендіру түрі
Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қараша 2016 жыл
Коммерциялық тендер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады