Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс25-сессиясының төрағасы | М. Есщанов |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |
Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы № 149 шешімімен бекітілген |
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы кент және ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық қабырғаларына және баршаға көрінетін жерлерге орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұр шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 180 шешімімен бекітілген |
Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшiн көше тұрғындары өкiлдерiнiң сандық құрамы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/с | Кент, ауылдық округ атауы | Көшелердің саны | Жергілікті қоғамдастық жиынына әр көшеден қатысатын азаматтар саны | Жалпы қатысатын азаматтар саны |
1 | Жосалы кенті | 136 | 1 | 136 |
2 | Төретам кенті | 33 | 2 | 66 |
3 | Ақай а/о | 37 | 1 | 37 |
4 | Жосалы а/о | 4 | 3 | 12 |
5 | Иіркөл а/о | 8 | 2 | 16 |
6 | Жаңажол а/о | 9 | 3 | 27 |
7 | III Интернационал а/о | 11 | 3 | 33 |
8 | Ақтөбе а/о | 8 | 3 | 24 |
9 | Ақжар а/о | 19 | 2 | 38 |
10 | Дауылкөл а/о | 9 | 3 | 27 |
11 | Алдашбай Ахун а/о | 8 | 2 | 16 |
12 | Қуаңдария а/о | 13 | 2 | 26 |
13 | Көмекбаев а/о | 11 | 2 | 22 |
14 | Қармақшы а/о | 16 | 2 | 32 |
Барлығы | 322 | 512 |