Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 30-10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 4651 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 11-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 11-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының XХХ
      сессиясының төрағасы Ә. БЕКЖАНОВ
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2014 жылғы "09" cәуірдегі
N 30-10 шешiмiне қосымша

Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтері

1 м3 коммуналдық қалдық әкету үшiн заңды тұлғаларға

850 теңге

коммуналдық қалдықтарды әкету үшiн айына бір адамнан

120 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады