“Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 30-10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 11-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 мамырда № 5851 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 сәуірдегі № 30-10 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4651 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының 11-сессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      А. МАХАТОВА М. ЕСПАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады