"Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 363 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазандағы № 4774 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ө.Елеусінов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы “23” қыркүйектегі
№ 363 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінен қаржыландырылатын, аудандағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      3 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9 Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Төле би көшесі №3А.
      “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      10 Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11 Осы Ереже “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы:
      Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген мемлекеттік жоспарлаудың тиімді және бір тұтас жүйесін қалыптастыру үшін стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызметтер атқару. Инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсіптік, аймақтық, сауда және әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
      15 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) аудандағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыру;
      2) аудандық бюджет комиссиясының жұмысшы органы бола отырып, аудандық бюджет комиссиясы айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау;
      3) бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындылар қалыптастыру, оларды облыстық бюджет комиссиясының қарауына жіберу, инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
      4) аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
      5) аймақтың даму бағдарламасын тиісті мерзімге әзірлеу, бағдарламаның іс-шара жоспарын дайындау және мониторингілеу;
      6) ауданның инвестициялық саясаты стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру;
      7) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
      8) ауданның ақша, несие және салық-қаржы саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;
      9) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
      16 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары:
      1) жыл сайын бес жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде 5 жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу;
      3) үш жылға арналған аудандық бюджет және аудандар мен облыстық бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу;
      4) коммуналдық меншікті басқарудың қаржы саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      5) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын іске асыру;
      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігін қарау;
      7) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудандық бюджетті жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлеу;
      8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асыру;
      9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
      10) аудан бюджетінің жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
      11) аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және оны аудан әкімдігінің қарауына ұсыну;
      12) аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      13) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік инвестииялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберу;
      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
      15) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін оң экономикалық қорытындының негізінде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
      16) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) салалық аймақтық бағдарламаларды әзірлеуді үйлестіру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
      18) аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасау, аудан бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін айқындау;
      19) бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде бөлімнің қаржыландырудың жылдық жоспарларын әзірлеу;
      20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы.
      17 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын және аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруына бақылау жасауға;
      3) аудан әкімдігінің аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
      4) мемлекеттік мекемелерден меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан өз құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде ақпарат сұратуға және алуға;
      5) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
      6) құпиялық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқару мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) сектор меңгерушілері мен бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзіретіне жатқызылған бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      7) шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      10) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
      11) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25 Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      26 Жалағаш ауданының әкімдігі “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуына және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      27 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жалағаш ауданының әкімдігі кайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28 “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады