"Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 472 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қаңтарда № 4837 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 472 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде бірыңғай кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, ПДУ көшесі, №6 үй.
      9. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;
      3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, қызметін үйлестіру;
      4) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      5) ауданда кіші кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
      16. Функциялары:
      1) өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту мақсатында аймақтық бағдарламалардың дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк жүйелері, бизнес орталықтар, бизнес инкубаторлар, кіші инновациялық іс-қимылдары орталығы және тағы басқа объектілердің құрылуы жөнінде жобаларды дайындау;
      3) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      4) кәсіпкерлік пен туризм субъектілеріне қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру мен өткізу;
      5) бюджеттік бағдарламаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу;
      6) аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдайлар жасау;
      7) ауданның кәсіпорындарында халықаралық сапа стандартын енгізу үшін жағдайлар жасау;
      8) туризм қызметін қолдау мен дамыту, реттеуді қамтамасыз ету.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) меншік нысанына және ведомоствалық бағынысқа қарамастан аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, сауда және туризм қызметтерін дамыту мәселелері бойынша кәсіпорындар қызметіне мониторинг және талдау жасау;
      2) Қазақстан Республикасының Перзиденті мен Үкіметінің, аудан әкімдігі мен аудан әкімі актілерін орындау жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысуға;
      3) белгіленген тәртіп бойынша меншік нысанына және ведомостволық бағынысқа қарамастан, аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарынан, индустриялық-инновациялық даму объектілерінен, сауда және туризм қызметі субъектілерінен қажетті ақпарат сұрауға және алуға;
      4) мүдделі органдармен бірлесіп өнеркәсіптің, индустриялық-инновациялық дамуының, сауда және туризм қызметінің проблемалары жөнінде кеңестер, конференциялар, отырыстар өткізуге;
      5) өз саласы бойынша аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауға, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысады;
      6) бақылаушы мемлекеттік органдармен бірігіп сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен базарлардың сауда ережелері мен қалпын сақтауына тексеру жүргізуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;
      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      8) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады