"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегі N 73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі N 197 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда N 4661 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/191 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 26.12.2017 № 05-16/191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2012 жылғы 7 қыркүйектегі N 73 Жаңақорған аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4327 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы N 90 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге берiледi.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.".

      2. "Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегі N 73 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 27 наурыздағы N 119 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4434 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 мамырдағы N 34 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының
кезектен тыс ХХІХ сессиясының төрағасы
ҚАЛЖАНОВ Н
      Жаңақорған аудандық
мәслихат хатшысы
НАЛИБАЕВ А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады