2014 жылға арналған Сырдария ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 04 маусымдағы № 242 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4716 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Сырдария ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "4" маусымдағы
№ 242 қаулысына қосымша

2014 жылға арналған Сырдария ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істеймейтін тұлғалар.
      4. Бір жылдан ұзақ жұмыс істемейтін тұлғалар.
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады