"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 4845 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.07.2015 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабыбының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда № 4367 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 27 желтоқсанда № 106 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Осы шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      1 адамға – 70 киловатт;
      2 адамға – 140 киловатт;
      3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
      2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
      4 адамға дейін – 10 килограмм;
      4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
      3) отын пайдалану от жағу маусымына:
      3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
      3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      5) жылумен жабдықтау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      6) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХХVІІ сессиясының төрағасы О. Сейтмұратов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Б. Маншарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады