2014 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы N 510 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 ақпанда N 4600 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 05 қаңтардағы N 08/1-3/1672 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының 05.01.2015 N 08/1-3/1672 хатымен).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Сарменбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ергешбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "17" ақпандағы
N 510 қаулысына қосымша

2014 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады