2014 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 27/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 мамырда N 4659 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 34/3 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 34/3 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2014 жылға арналған Шиелі ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы

А. Әбдіқадырова
 
Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады