Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.10.2014 № 4 шешімі.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1389 қаулысына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі бекітілсін.
2.
«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралақ ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.
Осы шешімнің орындалуын бақылау өңірлік экономикалық және қаржылық саясат, инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
А. Айдарбаев |
Маңғыстау облысы әкімінің |
|
2014 жылғы 08 cәуірдегі |
|
№ 1 шешімімен бекітілген |
Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі
№ п/п |
Аудан атауы |
Ауылдық округтің атауы |
Ауылдық елді мекеннің атауы |
Халық саны, адам |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Бейнеу |
Боранқұл |
Боранқұл ауылы |
6855 |
2 |
Бейнеу |
Ақжігіт |
Ақжігіт ауылы |
2759 |
3 |
Қарақия |
Жетібай ауылы |
12229 |
|
4 |
Маңғыстау |
Жыңғылды |
Жыңғылды ауылы |
2387 |
5 |
Маңғыстау |
Өтес |
Сайөтес ауылы |
2175 |
6 |
Түпқараған |
Ақшұқыр ауылы |
7189 |