Облыстық мәслихаттық 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 21/328 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 2587 болып тіркелді.

     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2365 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Б. Сарман
      Облыстық мәслихат хатшысы               Б. Жүсіпов


Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 21/328 шешіміне қосымша
 

Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 14/218 шешімімен бекітілген
 

Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөніндегі
Ереже 1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
      2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар марапатталады.
      3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
      4. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
      Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
      Облыс әкімі орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар басшыларының марапаттау бетшесіне облыс әкімі қол қояды.
      5. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының атына жолданған марапаттау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты облыс әкімі аппаратының Кадр жұмыстары бөліміне жолданады.
      Әрі қарай Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
      6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе марапаттау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
      7. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.
      Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Құрмет грамотасымен қайта марапаттау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      8. Құрмет грамотасы – бетінде Елтаңба белгісі салынған, мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағазда дайындалады.
      Қосымшаның айқара ашылатын бетінің сол жағында ұлттық оюмен өрнектелген Маңғыстау облысының символы орналасқан.
      Қосымшаның оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазуға орын қалдырылған. Облыс символы күн сәулесімен, алтын түстес қыран бүркітпен және ұлттық өрнекпен бейнеленген. Мәтіннің астында қосарланып облыс әкімінің және облыстық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.

3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

      9. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының Еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
      10. Марапаттау туралы мәліметтер Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал облыс әкімі аппаратының марапаттау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі облыс әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
      11. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын облыс әкімі немесе оның орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы марапатталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, сессияларда, жиындарда және облыс активінің жиналысында салтанатты түрде табыс етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады