Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ мемлекеттік тілдегі жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Сәрсенбай |
Облыстық | |
мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/328 шешіміне қосымша |
|
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 шешімімен бекітілген |
Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі
Ереже
Ескерту. Ережесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 21/328 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "марапаттау", "марапаттауға", "марапатталады" деген сөздер "наградтау", "наградтауға", "наградталады" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді Маңғыстау облыстық мәслихатының 03.12.2021 № 8/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар наградталады.
3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4. Наградтау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Облыс әкімі орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар басшыларының наградтау бетшесіне облыс әкімі қол қояды.
5. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты облыс әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.
Әрі қарай Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
Ескерту. 5 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/53 (алғашқы ресми жарияланған күніненкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.
2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы
8. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған қосымша бетшемен көгілдір түсті балакроннан жасалған папканы білдіреді. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымша бетшенің айқармасының сол жағында Маңғыстау облысының символының бейнесі орналасқан. Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран бүркіт қалықтаған күн сәулесінің аясында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және еңбегін көрсету үшін орын қалдырылады. Облыс символының бейнесі күн сәулесімен, қыран бүркіт және ұлттық ою – алтын түстес.
Мәтіннің астында қосарланып облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.
Ескерту. 8 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/53 (алғашқы ресми жарияланған күніненкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі
9. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының Еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
10. Наградтау туралы мәліметтер Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал облыс әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі облыс әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде облыс әкімімен немесе оның орынбасарларымен, облыстық мәслихаттың төрағасымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және облыс активінің жиналыстарында табыс етіледі.
Ескерту. 11 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/53 (алғашқы ресми жарияланған күніненкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.