Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашада № 25/237 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 2570 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, сондай-ақ, Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 02-11-2135 хатын орындауда, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2338 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымшада:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, олар кәмелет жасқа толғаннан кейін, олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейінгіден аспайтын);";
      орыс тілдегі мәтін өзгермейді;
      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балалар;";
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 6) тармақшадағы төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      " төрт және одан да көп бірге тұратын, кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасыдан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, олар кәмелет жасқа толғаннан кейін, олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейінгіден аспайтын).";
      орыс тілдегі мәтін өзгермейді;
      2 қосымшада:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 7 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) отбасы мүшелерінің біреуінің қайтыс болуы;";
      орыс тілдегі мәтін өзгермейді.
      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      2014 жылғы 24 қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      2014 жылғы 24 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады