Аудан әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" және 2014 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Сайлау учаскелерінің кейбір мәселелері туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 4 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 2433 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 15.05.2017 № 1 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 2011 жылғы 26 сәуірдегі №3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген нөмірі 11-3-119, алғашқы ресми жарияланған күні 2011 жылғы 19 мамыр, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті) шешімде:

      2-қосымшада:

      №88 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№88 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Есет мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Есет селосындағы үйлер, Есет селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №90 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№90 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауданы әкімиятының "Бейнеу мектеп – интернаты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сарға селосындағы үйлер, Сарға селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №91 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№91 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Тұрыш мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұрыш селосындағы үйлер, Тұрыш селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №92 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№92 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сыңғырлау мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сыңғырлау селосындағы үйлер, Сыңғырлау селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №93 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№93 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сам мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сам селосындағы үйлер, Сам селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №94 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№94 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Ә.Махутов атындағы мектеп–балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Төлеп селосындағы үйлер, Төлеп селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      №95 сайлау учаскесіне қатысты бөлік мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"№95 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Ноғайты мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ноғайты селосындағы үйлер, Ноғайты селолық округі аумағындағы шаруа қожалықтары және фермер қожалықтары.";

      2) 2014 жылғы 21 ақпандағы №1 "Сайлау учаскелерінің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген нөмірі 2362, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 7 наурыз, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті) шешімінде:

      қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б.Әзірханов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      Аймағамбет Күләнда

      23 сәуір 2014 жыл

  Аудан әкімінің 2014 жылғы
23 сәуірдегі № 4 шешіміне
қосымша
  Аудан әкімінің 2014 жылғы
21 ақпандағы № 1 шешіміне
қосымша

№190 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Сам орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Амантұрлы батыр көшесіндегі № 1-127 үйлер, Асау батыр көшесіндегі № 1-127 үйлер, Қалнияз ақын көшесіндегі № 1-57 үйлер, Қ.Тоқсанбайұлы көшесіндегі № 1-114 үйлер, Балуанияз көшесіндегі № 1-117 үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады