Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 маусымдағы № 22/157 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 маусымда № 2456 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімімен бекітілген Қағидасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      10 тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;";

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      3) тармақша он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;";

      4) тармақша төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      10 тармақ келесі мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      "8) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

      мүгедек балаларға және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге – 5 (айлық) есептік көрсеткіш;";

      "9) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      11 тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу коймай Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын мүгедек студенттер мен өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы, Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар келесі санаттағы тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде жылына бір рет білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш:

      Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге;

      тұл жетімдерге немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге;

      ата–анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;

      ата–анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасының орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын 23 жастан аспаған балаларына көрсетіледі.".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы:

А.Берішбаева

Аудандық мәслихат


хатшысы:

А.Досанова


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      О.Жарылғапова

      9 маусым 2014 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Ж.Төлеген

      9 маусым 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады