"Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 295 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 2549 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын облыстық коммуналдық меншіктен аудандық коммуналдық меншікке беру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 60 қаулысына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген "Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

      Ереженің 2 тарауының функциялар бөлімі келесі мазмұндағы абзацтармен:

      "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға";

      "Өзінің біртұтас жүйесіне енетін аудандық, қалалық, ауылдық балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадаға даярлау мектебі, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын (әрі қарай – кәсіпорын), клубтарды және барлық спорттық ұйымдарды басқару".

      Ереже 2-1. тарауымен толықтырылсын:

      "2-1. Кәсіпорындарды, спорттық клубтарды бақылау".

      Бөлімнің мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды, клубтарды бақылау мақсатында:

      1) Кәсіпорындардың, клубтардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      2) Кәсіпорындардың, клубтардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

      3) Кәсіпорындар, клубтар мүлкінің сақталуына және кәсіпорындардың, клубтардың жоспарының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

      4) Кәсіпорындарды, клубтарды басқаруды жүзеге асырады;

      5) Басшыларды тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оны аттестаттаудан өткізеді;

      6) Кәсіпорындардың, клубтардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      7) Кәсіпорындардың, клубтардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) Жыл сайын кәсіпорындардың, клубтардың еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

      9) Кәсіпорындар, клубтар басшыларының лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

      2. Бөлім басшысы (К. Жумабаев) Маңғыстау облысының әділет департаментінде құрылтай құжаттарын рәсімдеуді және осы қаулыдан туындайтын шараларды алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов


  Түпқараған аудан әкімдігінің
06 қараша 2014 жылғы
№ 295 қаулысымен бекітілген

Е Р Е Ж ЕС І
"Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
1. Жалпы ереже

      1. "Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) – Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлімнің атауы:

      Қазақ тілінде. "Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Орыс тілінде. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел физической культуры и спорта"

      4. Бөлім – мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, жеке баланста мүлкі бар заңды тұлға болып табылады.

      5. Бөлімнің аппарат қызметкерлерінің штаттық саны лимитін Түпқараған ауданының әкімдігі бекітеді.

      6. Бөлімнің орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Форт – Шевченко қаласы Н.Оңғалбайұлы көшесі № 2.

      7. Жұмыс уақыты дүйсенбі – жұма. Сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

      - Түпқараған ауданының "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      - Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      Міндеттері:

      - Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

      - Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін үйлестіру;

      - Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;

      - Халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

      - Дене шынықтыру және спортты насихаттау.

      Функциялары:

      - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңына сәйкес:

      - Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық бағдарламалар мен жоспарларын дайындайды және жүзеге асырады;

      - Спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жарыстар өткізеді;

      - Спорттың түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындауды және олардың облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      - Аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсетеді;

      - Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді және бақылау жасайды;

      - Аудан аумағындағы спорттық шаралардың өткізілуін және ұйымдастыру қызметін үйлестіреді;

      - Аудан бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мәліметтерді талдайды және атқарушы органға табыс етеді;

      - Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт жанындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды жүзеге асырады;

      - Республикалық, халықаралық 15 – 20 күндік спорттық даярлық курстарын ұйымдастырады және өткізеді;

      - Спортшылар мен жаттықтырушыларға, судьяларға заңнамаға сәйкес, разрядтар мен категориялар береді;

      - Спорт шеберіне кандидаттыққа, спорт шеберіне, халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне және заңнамада көрсетілгендей бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтардың берілуіне құжаттарды дайындау;

      - Ережелік мақсаттарды жүзеге асыру үшін мекеменің құқықтары:

      - Заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;

      - Мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (символы) болады;

      - Өзінің мүлкіне иелік етеді, сондай - ақ өзінің балансы немесе сметасы болады;

      - Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге және жүзеге асыруға;

      - Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды пайдалануға;

      - Сотта талап қоюға және талапкер болуға;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      - Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

      - Белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға;

      - Дене шынықтыру және спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға;

      - Өзінің біртұтас жүйесіне енетін аудандық, қалалық, селолық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын (бұдан әрі – кәсіпорын) балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, олимпиадаға даярлау мектебі, клубтарды және барлық спорттық ұйымдарды басқару.

2-1. Кәсіпорындарды, спорттық клубтарды бақылау

      Бөлім мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды, клубтарды бақылау мақсатында:

      1) Кәсіпорындардың, клубтардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      2) Кәсіпорындардың, клубтардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

      3) Кәсіпорындар, клубтардың мүліктерінің сақталуына және даму жоспарларының орындалысына талдауды, бақылауды жүргізеді;

      4) Кәсіпорындарды, клубтарды басқаруды жүзеге асырады;

      5) Басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;

      6) Кәсіпорындардың, клубтардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      7)Кәсіпорындардың, клубтардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) Жыл сайын кәсіпорындардың, клубтардың еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

      9) Кәсіпорындар, клубтар басшыларының, оның лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

3. Бөлімнің құқықтары

      1. Мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

      2. Мекеменің өз міндеттері бойынша жауаптылығы азаматтық заңдармен реттеледі.

      3. Мекеме заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

      4. Мекемемен жасалатын азаматтық құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуі тиіс.

4. Бөлімнің мүлкі, есебі мен есептілігі

      1. Бөлімнің оралымды басқару құқығында негізгі және айналымдағы қаражатынан тұратын, бөлімнің балансын қамтитын оқшауланған мүлкі болады.

      2. Бөлімнің бекітілген мүлкі аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      3. Бөлім егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.

      4. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілгендей бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептер жүргізеді.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мекеме мемлекеттік статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат береді.

      6. Мекеме кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.

5. Бөлім қызметтерін ұйымдастыру

      1. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бөлімнің өзге де қызметкерлері кіреді.

      2. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, аудан әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

      3. Бөлім басшысы:

      1) Бөлім қызметін басқарады және бөлімге жүктелген қызметтердің орындалысына жауап береді;

      2) Бөлімнің құрылымын жасақтайды және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады;

      3) Бөлім және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттігін анықтайды;

      4) Аудан әкімі аппаратының бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қызметтерін үйлестіреді;

      5) Заңнамада көрсетілгендей бөлім қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара қолданады;

      6) Бөлімнің құрылымы жөніндегі Ережені бекітеді;

      7) Өзінің құзыреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

6. Бөлімді қайта құру және тарату

      1. Бөлім аудан әкімдігінің қаулысымен қайта құрылады және таратылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады