Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 214 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда № 4856 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
      және су ресурстары министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________ Г. Оспанбекова
      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаменті" республикалық мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы
      _____________ С. Байменова

  Әкімдіктің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 214 қаулысына қосымша

Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 70, № 105 ұңғымалар

Ұзындығы – 70 метр
Ені - 60 метр

1,14 гектар

Ұзындығы – 87 метр
Ені – 77 метр

0,71 гектар

Радиусі – 473 метр

68,35 гектар

№ 74, № 75 ұңғымалар

Ұзындығы – 60 метр
Ені - 60 метр

Ұзындығы – 77 метр
Ені – 77 метр

      Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген Тапсырыс берушілер - "Санаторий "Сосновый Бор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады