Кәсіптік даярлау бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шегінде кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 453 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 5110 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Жұмыспен қамтудың жол картасы) іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кәсіптік даярлау бойынша 2014 жылға арналған Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларды кәсіптік оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

Әкімдіктің         
2014 жылғы 15 қыркүйектегі  
№ 453 қаулысымен бекітілген 

Кәсіптік даярлау бойынша 2014 жылға арналған
Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларды кәсіптік
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


р/с

Мамандықтардың коды мен атауы

Біліктіліктің коды мен атауы

Саны (адам)

Оқыту мерзімі

1

1504000
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

1504012
Бухгалтер

20

10 ай

2

1401000
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

1401252
Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері

20

10 ай

3

0506000
Шаштараз өнері және сәндік косметика

05060012
Шаш үлгілерін жасаушы

20

10 ай

4

1504000
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

1504042
Аспазшы

18

10 ай

5

1201000
Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1201072
Автомобильдерді жөндейтін дәнекерлеуші

25

10 ай

6

1115000
Өндірістердегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

1115042
Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

15

10 ай

7

1109000
Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)

1109012
Токарь

15

10 ай

8

1403000
Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді пайдалану (түрлері бойынша)

1403082
Газ-электрмен пісіруші

17

10 ай


Жиыны:


150


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады