Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 5112 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 432 қаулысына қосымша

Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 02.07.2019 № 277 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу-ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Ұңғымалар: № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 31, № 32, № 33, № 34, № 35, № 36

Ұзындығы – 6100 метр
Ені – 110-1000 метр

176 гектар

Ұзындығы – 8125 метр
Ені – 3375 метр

2816 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады