Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысына (2014 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 277 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысына қосымша |
Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері | |||
І-белдеу | ІІ-белдеу-ІІІ-белдеу | |||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
Ұңғымалар: № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 31, № 32, № 33, № 34, № 35, № 36 |
Ұзындығы – 6100 метр | 176 гектар |
Ұзындығы – 8125 метр | 2816 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.