Әкімдіктің 2012 жылғы 11 қазандағы № 439 "Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосындағы № 2 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 475 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 5120 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 439 «Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосындағы № 2 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосындағы» деген сөз «ауылындағы» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қостанай облысының әкімі

Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады