Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 476 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 5122 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 476 қаулысына қосымша

Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшері

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Ащы-Тасты су қоймасы

Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 100 метр.
Ені бойынша қашықтығы – оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 100 метр

23,2 гектар

Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының жалпы қашықтығы - су тартудан ағыс бойынша жоғары 247000 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 500 метр

22000 гектар

Ұзындығы бойынша барынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 36750 метр
және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 3000 метр

62560 гектар

285,5 метр

      Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Қостанай облысының Арқалық қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті суларының Ащы-Тасты су тартуының санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Арқалық жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады