2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 4513 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 720-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, қосылған құн салығына және жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарын өтесін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен осы тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі                   Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасының "Қостанай қалалық"
      ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
      қәсіпорнының бас дәрігері
      _________ С. Шуменбаев

      Қостанай облысының прокуроры -
      аға әділет кеңесшісі
      __________ М. Кайбжанов

      "Тазалық - 2012" жаупкершілігі шектеулі
      серіктестігінің директоры
      __________ А. Кушнир

Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 
жылғы 14 ақпандағы № 400     
қаулысымен            
бекітілген            

2014 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

      Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 04.08.2014 № 1927 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс
көлемі,
сағат

Жұмыстардың нақты жағдайлары

Еңбекақы мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері

1

"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, аумақты абаттандыру және жасыл екпелер мен гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

3024

Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісімен - аптасына 40 сағаттан аспайды.

Жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері

2

"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету

14784

3

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнер-
гетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, шот-
хабарла-
маларды, наразылық-
тарды, ескерту қағаздарды, хабарлама-
ларды беру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

35280

4

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, орталық сквер және қалалық жағажай аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

44520

5

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, учаскелердің алаңын өлшеу, хабар-
ламаларды, шақыру қағаздарды және ескерту қағаздарды беру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

20160

6

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

5832

7

"Қостанай облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету

50400

8

"Тазалық-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, қала аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

82320

9

"Көмек" қоғамдық қоры

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету

10080

Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісімен – аптасына 40 сағаттан аспайды

Жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады