Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400 "2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 1927 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 тамызда № 5009 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 720-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400  қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4513 тіркелген, 2014 жылғы 08 сәуірде "Біздің Қостанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "2014 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары" деген қосымшада:
      мына мазмұндағы реттік нөмірі 9–жолмен толықтырылсын:
      "

9

"Көмек" қоғамдық қоры

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету

10080

Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісімен – аптасына 40 сағаттан аспайды

Жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері

      ".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      қаласының әкімі                            А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Помощь" қоғамдық қорының
      атқарушы директоры
      _______________ Ю. Калюжный

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады