"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20–баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 2609 "2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері" деген қосымшада:
реттік нөмірі 6–жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
6 |
"Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, қосымша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
12656 |
Ең төменгі жалақының 2 мөлшері Ең төменгі жалақының 2,5 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
"
реттік нөмірі 10–жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
10 |
Рудный қаласы әкімдігінің "РАХАТ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласы, Горняцк, Қашар кенттері, Перцев аулы көшелерінің жүргінші жолын бойлайтын жиектерін үнемі қолмен тазарту Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласының, Горняцк, Қашар кенттерінің, Перцев аулының Аумағын жинауда және абаттандыруда күнделікті көмек көрсету Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласының, Горняцк, Қашар кенттерінің, Перцев аулының аумағын көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету |
78720 118080 |
Ең төменгі жалақының 2,5 мөлшері Ең төменгі жалақының 2,5 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
"
мына мазмұндағы реттік нөмірлері 15, 16, 17–жолдарымен толықтырылсын:
"
15 |
"Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3616 |
Ең төменгі жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
16 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
1808 |
Ең төменгі жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
17 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
1808 |
Ең төменгі жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов