Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 01.07.2014 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-112 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірдегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) музыка жетекшісі;
10) дене тәрбиесі нұсқаушысы;
11) қазақ тілі оқытушысы;
12) әлеуметтік педагог;
13) медициналық бике.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко
КЕЛІСІЛДІ:
Лисаков қалалық
мәслихатының хатшысы
_________Т. Кривошея