Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 шілдеде № 4935 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы                                   Қ. Әбікеев

      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Есмұханов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ Е. Павлюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады