Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 241 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 5338 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 28.12.2020 № 341 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 теңге мөлшерінде";

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезекті


сессиясының төрағасы

Д. Әубакіров

Алтынсарин аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Есмұханов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады