Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 28.12.2020 № 341 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 наурыздағы № 89 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4093 тіркелген, 2013 жылғы 16 сәуірде "Таза бұлақ – Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрайымы | А. Оразбаева |
Алтынсарин аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Есмұханов |
КЕЛІСІЛГЕН:
"Алтынсарин ауданы әкімдігініңжұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ О. Банкова
Мәслихаттың 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Қостанай облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
8) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 10.02.2020 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Жеңіс күні – 9 мамыр мереке күні болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 10.02.2020 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табыстарын есепке алмай;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табыстарын есепке алмай;
3) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:
өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төмен күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға, табыстарды есептемегенде, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге табыстарды есептемегенде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
6) барлық cанаттағы мүгедектерге, олардың шипажайлар мен оңалту орталықтарына жол жүруімен және кері қайтуымен байланысты, шығындарын өтеу үшін, табыстарды есептемегенде, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есептемегенде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
9) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне, табыстарын есепке алмай:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердін порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Совет Социалистік Республикасы, Беларусь Совет Социалистік Республикасы, Литва Совет Социалистік Республикасы, Латыш Совет Социалистік Республикасы, Эстон Совет Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдеріне (күйеулеріне) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген басқа да санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.10) алынып тасталды – Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 10.02.2020 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.08.2016 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2017 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2019 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 15.02.2019 бастап туындаған қатынастарға таратылады); 06.06.2019 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 09.05.2019 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады); 10.02.2020 № 291(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде.
9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 10.02.2020 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Ай сайынғы әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, оны осы Қағидалардың күшіне енгеніне дейін алған адамдарға алушылардан өтініштер және құжаттар талап етілмей көрсетіледі, қайта жүгінген өтініш берушілер өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) осы Қағидалардың 6-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында, 7-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.04.2020 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18–тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. алып тасталды – Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 12.08.2016 № 45 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек өтініш берушінің банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Алтынсарин ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.