Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Аманкелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессия төрағасы А. Ташимов
Аудандық
мәслихат хатшысы Ә. Саматов
КЕЛІСІЛДІ:
"Амангелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ М. Сакетов