Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 250 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4884 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 385 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 22.05.2020 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс


сессия төрағасы

А. Ташимов

Аудандық


мәслихат хатшысы

Ә. Саматов

КЕЛІСІЛДІ:


Қостанай облысы Амангелді ауданының


Тасты ауылының әкімі


___________________ Қ. Жұмабаева



  Мәслихаттың
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 250 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылы тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылы

20

  Мәслихаттың
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 250 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылы (бұдан әрі - Тасты ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Тасты ауылының аумағындағы көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Тасты ауылының әкімі (бұдан әрі - ауыл әкімі) шақырады.

      Амангелді ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Тасты ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Тасты ауылынан қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тасты ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аманкелді аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тасты ауылы тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тасты ауылы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады