Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 02.08.2023 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессия төрағасы | А. Ташимов |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ә. Саматов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы Амангелді | |
ауданының Амангелді | |
ауылдық округінің әкімі | |
______________ М. Дихамбаев |
Мәслихаттың 2014 жылғы 20 мамырдағы № 241 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Амангелді ауданының
Амангелді ауылдық округінің жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны |
1 | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің Амангелді ауылы | 102 |
2 | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің Есір ауылы | 16 |
3 | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің Кемер ауылы | 3 |
4 | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің Қоғалыкөл ауылы | 3 |
5 | Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің Ақкісі ауылы | 3 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 20 мамырдағы № 241 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Амангелді ауданының
Амангелді ауылдық округінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округінің (бұдан әрі Амангелді ауылдық округі) аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Амангелді ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Амангелді ауылдық округінің әкімі шақырады (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).
Амангелді ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Амангелді ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Амангелді ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Амангелді ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аманкелді аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Амангелді ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.