Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 230 "Аманкелді аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Аманкелді аудандық мәслихатының регламентінде:
35-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдар, ауылдық округтер тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті қоғамдастықтың жиындарында мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы таныстырады.";
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессия төрайымы | Қ. Мақсұтбаева |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ә. Саматов |