"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі:
"Аманкелді аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған);
"Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 230 "Аманкелді аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті бесінші сессия төрағасы | Г. Баженова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Кеделбаев |