2014 жылы Әулиекөл ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 26 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда № 4474 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 720-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұйымдардың қоса берілген тізбесі жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты жағдайлары 2014 жылы бекітілсін.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын және ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақылық төлемдерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2014 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін шығындарын өтесін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Әулиекөл аудандық орталық
      ауруханасы" шаруашылықты
      жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      __________________ Шульгин С.В.

Әкiмдіктің        
2014 жылғы 11 ақпандағы   
№ 26 қаулысымен бекітілген 

2014 жылы ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты жағдайлары

Ұйымның атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыстардың көлемі (сағаттар)

Еңбекақы
төлеу

Жұмыстардың нақты жағдайлары

1

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ауруханалық кешеннің аумағын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7392

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес.

2

"Әулиекөл ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Әулиекөл ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету: Алтынсарин, Байтұрсынов, 1-Май, Октябрь, Баймағамбетов, Тұрғымбаев, Пролетарская, Кустанайская, Ленин, Юбилейная, Сұлтан Еркімбаев, Мамедов, Сиянов, Торғай, Островский, Жемелей, 9 Пятилетка, Амангелді, Гагарин, Дорожная;

Комсомольское, Купальное, Учительское, Пожарное, Больничное көлдеріне іргелес аумақтарды жинауға және абаттандыруға көмек көрсету;

спорт кешеніне іргелес аумақтарды жинауға және көркейтуге көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

35200
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

7920
 
 
 
 
 
 
 
 

1760

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

3

"Аманқарағай ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аманқарағай, Лесное ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

23936

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

4

"Диев ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Диевка ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және көркейтуге көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7040

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

5

"Қазанбасы ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Октябрьское, Қарақалпақ, Бағаналы, Қазанбасы ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

5632

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

6

"Көктал ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Көктал ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

4224

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

7

"Қосағал ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қосағал ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

5632

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

8

"Құсмұрын кентінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Құсмұрын кенті көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

49280

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

9

"Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Москалевка ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

9856

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

10

"Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Новонежинка, Лаврентьевка ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7040

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

11

"Новоселов ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Новоселовка, Сосновка, Аққұдық, Қырғуыс ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

5632

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

12

"Сұлукөл ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Юльевка ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7040

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

13

"Тимофеевка ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Тимофеевка ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

5632

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

14

"Қ. Тұрғымбаев атындағы ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қ. Тұрғымбаев атындағы ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7040

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

15

"Чернигов ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Черниговка, Харьковка, Дұзбай ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

7040

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

16

"Первомайское ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Первомайское ауылы көшелерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға көмек көрсету.

Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді.

5632

Ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады