Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 139 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4578 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсәптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары 2014 жылға ұсынылсын:

      жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Мамандар үшін тұрғын үй алу немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тоғызыншы сессия төрайымы

А. Кеңесбаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

КЕЛІСІЛДІ


"Әулиекөл ауданы әкімдігінің


экономика және бюджеттік


жоспарлау бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысы


____________ Печникова Т.И.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады