Денисов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 4459 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының негізінде Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Денисов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-162 тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Денисов ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудандық мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрайымы                   Н. Таран

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ С.Ф. Рахметова

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Д.Т. Мұсұлманқұлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады