Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының | |
кезекті тоғызыншы | |
сессиясының төрағасы | В. Бездольный |
Денисов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы Денисов | |
ауданы Архангельск | |
ауылдық округінің әкімі | |
____________ А. Әлімбаев |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 17 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Архангельск ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Архангельск ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Архангельск ауылдық округінің әкімі шақырады.
Денисов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Архангельск ауылдық округі ауылдардың шегінде бөлек жиынды өткізуді Архангельск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 19.06.2015 № 52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Бөлек жиынды ашудың алдында Архангельск ауылдық округі ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 19.06.2015 № 52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Бөлек жиынды Архангельск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Архангельск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Архангельск ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Архангельск ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Архангельск ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 17 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылының тұрғындары үшін | 30 |
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің Жалтыркөл ауылының тұрғындары үшін | 50 |