Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 4 наурыздағы № 34 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 тіркелді, 2014 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауында "мамандарына" сөзі "саласындағы мамандарына" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-тармағында "мамандарына" сөзі "саласындағы мамандарына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы В. Ткач
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ С.Ф. Рахметова