"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 125 "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4872 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдеде "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесінің:
17-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
"20-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастару;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов | |
ауданының әкімі | Е. Жаманов |