2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 58 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда № 4475 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 720-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      2. Мыналар белгіленсін:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
      2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Г. Аубакировке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Л. Зейнекина

      Жангелдин ауданының прокуроры
      ______________ М. Аманжолов

      Жангелдин ауданының тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімінің
      "Коммуналдық шаруашылық
      кәсіпорны" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры
      ______________ Т. Жангелов

      "Жангелдин аудандық мемлекеттік
      мұрағаты" "Қостанай облысының
      мемлекеттік мұрағаты"
      мемлекеттік мекемесінің филиалы
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________ С. Капарова

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      Министирлігінің "Қостанай облысы
      Жангелдин ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      республикалық мекемесінің бастығы
      ______________ Қ. Тулебаев

Әкімдіктің 2014 жылғы 
5 ақпандағы      
№ 58 қаулысымен    
бекітілген      

2014 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
және оларды қаржыландыру көздері

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен

Жұмыстардың нақты жағдайлары

Еңбек ақысы

Қаржыландыру көздері

1

"Жангелдин аудандық прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды тазартуға және абаттандыруға көмек

600
 
 
 
 

600

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен

Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері

Жангелдин ауданының бюджеті

2

Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды тазартуға және абаттандыруға көмек

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін аумақтарды көгалдандыруға көмек

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек

48780
 
 
 

54368
 
 
 
 
 


2400

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен

Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері

Жангелдин ауданының бюджеті

3

"Жангелдин аудандық мемлекеттік мұрағаты" "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесінің филиалы

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек

504

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен

Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері

Жангелдин ауданының бюджеті

4

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік республикалық мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдеуге көмек

504

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен

Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері

Жангелдин ауданының бюджеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады